30
мамыр
2026
Үздік балабақша – 2024» байқауы
2024 жылдың 17 қыркүйегінде Талдықорған қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында «Үздік балабақша – 2024» қалалық байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған байқаудың мақсаты — балабақшалардағы тәрбие мен білім беру сапасын арттыру, озық тәжірибелерді насихаттау. Байқауға қаладағы бірнеше мектепке дейінгі мекемелер қатысып, өздерінің жетістіктері мен жұмыс тәжірибелерін таныстырды. Қорытынды нәтижесі бойынша №7 бөбекжай-бақшасы үздік деп танылып, І орынды иеленді. Сонымен қатар, балабақша ұжымы облыстық «Үздік балабақша – 2024» байқауына қатысуға жолдама алды. Бұл жетістік — балабақша ұжымының бірлескен еңбегі мен балаларға көрсетіліп жатқан сапалы тәрбиенің нәтижесі.
17.09.2024




